Канелоны жеңсем, ол менің мансабымдағы ірі жеңіс болар еді -Головкин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин екінші орта салмақтағы барлық негізгі титулдардың иегері Сауль «Канело» Альвареске қарсы 17 қыркүйекте өтетін үшінші айқасы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

GGG алғашқы екі айқастағы жағдай мен нәтижесі мексикалықпен жекпе-жекке ықпал етпейтінін атап өтті. 2017 жылы қарсыластар тең нәтижемен аяқтаса, бір жылдан кейін Альварес төрешілердің шешімімен жеңімпаз атанды.

«Көп уақыт өтті. Енді екеуміз де басқа боксшымыз. Бұл әрі қарай жылжу үшін дұрыс әдіс. Бұған дейінгі екі айқасқа қарайламай, мұның өзгеше жекпе-жек деген оймен барынша жаттығу керек. Мен мұның оңай айқас болмайтынына сенімдімін. Менің қарсыласым – чемпион, оның төрт белбеуі бар. Ол осы салмақ дәрежесіндегі үздік боксшы болуы да мүмкін. Мен бұл салмаққа бірінші рет өтіп жатырмын және осы дивизиондағы үздік боксшымен жұдырықтасамын. «Канелоны» жеңсем, ол менің мансабымдағы ірі жеңіс болар еді. Қатты қуанар едім», - деді Геннадий Las Vegas Review Journal-ға берген сұхбатында.


Фото: sports.kz



Соңғы жаңалықтар