10:21, 25 Қыркүйек 2017 | GMT +5
«Канелоның» промоутері Головкинмен қарымта жекпе-жектің болжалды мерзімін атады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Golden Boy Promotions президенті Эрик Гомес қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы қарымта жекпе-жектің келіссөздері жайлы айтып берді, деп хабарлайды Sports.kz.
«Біз екінші жекпе-жек жайлы Головкин командасы және оның промоутері Том Леффлермен келіссөздерді бастап кеттік. Жекпе-жек мамыр айында өтуі мүмкін, бұл АҚШ-та айқас өткізуге ең қолайлы уақыт. Алайда, «Канело» мен GGG кездесуін наурыз айында өткізу туралы да нұсқалар айтылды. Біз бәрін әбден талқылап, нақты шешімге келеміз», - деп келтірді Гоместің сөзін Boxingscene.com.