Каноэ мен байдаркада ескек есуден Азия чемпионатына кімдер барады

байдарка
Фото: qaz_olympics

АСТАНА. KAZINFORM - Жапония астанасы Токио қаласында каноэ мен байдаркада ескек есуден лицензиялық Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды.

Құрлықтық дода 18-21 сәуір аралығында өткізіледі. Онда еліміздің атынан Бекарыс Раматулла, Андрей Ергучёв, Мария Бровкова, Сергей Емельянов, Ольга Шмелёва, Сергей Токарницкий, Татьяна Токарницкая, Тимур Хайдаров, Руфина Искакова, Ирина Подойникова, Ульяна Киселёва, Виктор Степанов, Артём Терещенко сынға түседі. 

Жарыс барысында жекелей сында финалда алтын және күміс медаль алған спортшылар Олимпиада лицензиясына ие болса, жұптық сайыста тек жеңімпаздарға жолдама бұйырады.
2020 жылғы Токио Олимпиадасында елімізден 7 спортшы ойын көрсетті. Олардың барлығы құрлықтық дода лицензия жеңіп алған еді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстандық спортшылар семсерлесуден әлем кубогінде қола алды.

Соңғы жаңалықтар