Қанша азамат волонтер болуға дайын

АСТАНА. KAZINFORM – Ерлер әйелдерге қарағанда волонтер болуға дайын емес екен. Бұл туралы Қазақстандық қоғамдық даму институты хабарлады. 

Волонтер
Фото: Kazinform

Әлеуметтанулық сауалнама деректеріне сүйенсек:

Респонденттердің 11,9%-ы волонтер болуға толық дайын екенін айтқан. Ал 29,7%-ы «дайынмын деуге болады» деген жауап нұсқасын таңдаған.

Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштерді талдасақ, бірқатар тұрақты үрдісті байқауға болады.

Ерлер әйелдерге қарағанда волонтер болуға дайын емес екенін жиірек атап өткен. Дегенмен айырмашылық айтарлықтай үлкен емес (орта есеппен 6%-ға жоғары).

Азаматтардың білім деңгейі маңызды рөл атқарады: көбіне жоғары білімі бар респонденттер волонтер болуға дайын екенін айтқан.

Одан бөлек, волонтер болуға дайындық табыс деңгейімен де тығыз байланысты. Азаматтардың табысы неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым волонтерлік көмек көрсетуге дайын респонденттер үлесі артады. 

Айта кетелік 300 мыңнан астам қазақстандық волонтерлікпен айналысатыны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар