Қанша ғасыр өтсе де Елбасы Н. Назарбаевтың аты Қазақстан және әлем тарихында ұлы есімдер қатарынан өзінің ерекше даңқы биік орнын алады - Х. Валиев

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңын қабылдау барысында баяндама жасаған сенатор Хусаин Валиев осылай мәлімдеді.
Өз сөзінде биылғы 2011 жылдың Қазақстан тарихындағы ерекшелігіне тоқталған сенатор, биыл ел Тәуелсіздігінің мерейтойы екендігін айтып өтті. «Бүгін біз жасаған елеулі істердің, сонымен қатар, келешекте қандай маңызды жұмыстар атқару керектігі туралы ой қорытындыладық. Әрине, бұл жетістіктер мен маңызы үлкен табыстар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Елбасы Отанымыз үшін күрделі және қиын кезеңдерде оның тұрақты дамуы үшін жауапкершілік міндетті өзіне алды. Тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап 20 жыл ішінде еліміздің негізін қалаушы Президент Н. Назарбаев Республиканың тұрақты экономикалық дамуына халықтың дәулетін арттыруға қол жеткізді. Көптеген өркениетті әлемнің құрметіне де ие болды. Бұл туралы бүгінгі тарихи маңызы бар бекітілген Декларацияда толығымен айтылды. Жылдар, ғасырлар өтсін, бірақ Елбасы Н. Назарбаевтың аты Қазақстан және әлем тарихында ұлы есімдер қатарынан өзінің ерекше даңқты биік орнын алады», деді сенатор Хусаин Валиев.
Естеріңізге сала кетейік, бір топ сенатор бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы заңына өзгеріс енгізу ұсынылған болатын. Құжат бойынша 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент - Елбасы күні Ұлттық мереке күні деп белгіленді.