Қант қызылшасының егіс көлемі екі есеге артады
АСТАНА. KAZINFORM – Биыл аграрлық сала өкілдері 1,1 млн тонна қант қызылшасын жинауды жоспарлап отыр. 2023 жылы жалпы жиналған өнім 509 мың тоннаны құрады, ал 2017 жылдан 2023 жылға дейінгі орташа жылдық өнім 337 мың тоннаға тең болды.

Осыған байланысты Жамбыл облысы фермерлері үшін шикізатты сату және өңдеу мәселесі ерекше өзекті болып тұр, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қант қызылшасын еккен фермерлермен кездесті, егісті аралап көрді, аграрлық сала өкілдерінің проблемаларын тыңдады.
Айдарбек Сапаров «Мерке қанты» ЖШС-не барды, ол қыркүйек айының басынан бастап іске қосылуға дайындалып жатыр. Келісімге қол жеткізілгендей, кәсіпорын жаңа өнімнің басым бөлігін өңдеуі керек. Қалған көлемі «Ақсу қанты» зауытына жіберіледі. Осы мақсатта облыс Тараз қаласында отырғызу алаңы бар теміржол торабын дайындайды.
Еске сала кетейік, биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өнім және оны жинау жұмыстарын қаржыландыру 3,1 есеге арттырылды. Бұл қаражат аграрлық сала өкілдеріне агротехнологияларды сақтауға және қажетті ресурстарды уақтылы сатып алуға мүмкіндік берді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жамбылдық фермерлер алғаш рет 550 мың тонна қант қызылшасын өсіре алды. Өңдеуді қолдау үшін мемлекеттен 1 кг қант қызылшасына 25 теңге көлемінде субсидиялар да бөлінеді.
Осыған дейін Жетісу облысында қант қызылшасы алқабын үш есе ұлғайту жоспарланып отырғанын жаздық.