Қаңтар айында Ақмола облысында дәрігерлік қызметтің бағасы көтерілді

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облыстық өнеркәсіп және шағын кәсіпкерлік басқармасының мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жылдың алғашқы айында аймақтағы тауарлар мен ақылы қызмет бағасының тұтыну индексі 100,3 пайызды құрады.
None
None
Бұл республикалық орта көрсеткішпен тең дәржеде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Басқарма бастығының орынбасары Наталья Зозуляның айтуынша, бүгінгі күнде күріш-4,8 пайызға, ұн мен жарма-0,8 пайызға, ет өнімдері-0,4 пайызға, жұмыртқа-0,3 пайызға, күнбағыс майы-15,2 пайызға, макарон өнімдері -1,15 пайызға, өнеркәсіп тауарларының ішінде жанар май-8,1 пайызға арзандады. Алайда осы мерзімде көкөніс, сүт өнімдері, арақ, темекі бағасының едәуір көтерілгендігі тіркеліп отыр. Медициналық ақылы қызметтің ішінде республика көлемінде орташа құны 601 теңге болатын дәрігердің алғашқы қабылдауының облыстағы бағасы 925 теңге болса, ультра күлгін сәулемен тексерілу 800 теңге (682 теңге), бір тісті жұлдыру 1450 теңгеге (1069 теңге) жетіп, бұл саладағы баға ырыққа бағынбай барады.
Соңғы жаңалықтар