Қаңтар айында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында 68 млрд. теңгенің өнімі өндірілді

АҚТАУ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - 2009 жылдың қаңтарында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында, шағын және қосалқы кәсіпорындарды, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда, қолданыстағы бағалармен 68 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.
None
None
Бұл 2008 жылдың сәйкес кезеңіне 101,7 пайызды құрады. Есепті кезеңде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемінің өсімі Жаңаөзен қаласы мен Бейнеу, Қарақия және Маңғыстау аудандарынан басқа облыстың барлық өңірлерінде байқалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап. Облыстың кен өнеркәсібінде шикі мұнай және ілеспе газ өндірудің 1,8, шикі мұнай мен табиғи газдың 1,8, табиғи газ өндірудің 3,8, мұнай мен газ өндіру бойынша қызмет көрсетудің 2,4 пайыз артуы есебінен өнеркәсіп өндірісінің 1,9 пайыз өсімі қамтамасыз етілген. Өңдеу өнеркәсібінде 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сусындарды қосқанда тамақ өнімдерін өндіру 89,5, тоқыма және тігін өнеркәсібінің 32,2, резеңке және пластмасса бұйымдары 25,8, машина жасау өнеркәсібі 18,2 пайыз кемуі есебінен өндірістің 1,6 пайыз кемуі байқалды. Сонымен бірге, сүт өнімдерін өндіру 5,7, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі 2,9, химия өнеркәсібінің 4,0 пайыз, металлургия өнеркәсібі және басқа дайын металл бұйымдарын өндіру 2,2 есе, көліктік құралдарды және жабдықтарды өндіру 4,1 пайыз артты. Сондай-ақ электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлудің жалпы көлемі бойынша 98,6 пайызды құрады. Нақты индекс көлемінің кемуі электр энергиясын өндіру мен бөлудің - 2,1 пайыз, бу және ыстық сумен жабдықтаудың - 7,0 пайыз кемуі есебінен болды.
Соңғы жаңалықтар