17:05, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
Қаңтар айында жапон экспорты екі есеге дерлік құлдырады
МӘСКЕУ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат - Өткен айда жапон тауарларының экспорты 2008 жылғы қаңтармен салыстырғанда 45 пайыздан аса қысқарды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап. Жапония қаржы министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, АҚШ-қа экспорт 53 пайыз дерлік, Еуроодаққа тауарлар жеткізу 47 пайызға қысқарды. Қазіргі жағдай Жапонияның талдама статистикасын жүргізіп отырған 1979 жылдан бергі бүкіл тарихындағы елеулі дағдарыс болып отыр.