Қаңтар-қараша аралығында Жапонияға 33 млн шетелдік турист келген

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық валютаның әлсіреуі аясында Жапонияға келетін шетелдік туристер саны бойынша жаңа рекорд орнатылды, деп хабарлайды Kazinform Kyodo News ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Япония
Фото: Pexels

Жапония ұлттық туристік ұйымының мәліметінше, олардың жалпы саны 33 379 900 адамды құрады, бұл 2019 жылы тіркелген 31,88 млн жылдық максимумнан асып түсті.

Қараша айында ғана шетелдік туристер саны 30,6 пайызға артып, жылдық есепте 3,18 млн-ға жетті. Биылғы әр ай өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кемінде 30 пайызға өскен.

Жапониямен әуе қатынасы 2019 жылғы деңгейге оралғанын есепке алғанда, қарашада күзгі жапырақтар маусымында сұраныстың артуына байланысты туристер саны одан әрі өсті.

Ұйымның алдын ала мәліметінше, елдер мен аймақтар бойынша Оңтүстік Кореядан 749 500 адам келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,3%-ға көп.

Ал Қытайдан келген туристер саны екі еседен астам өсіп, 546 300 адамға жетті, Тайвань 488 400 адаммен үшінші орында (өсім 21%), одан кейін тізімде АҚШ 247 500 адаммен АҚШ (34%) тұр.

Егер ел үкіметі 2030 жылға қарай жыл сайын 60 млн шетелдік туристі тарту мақсатына қол жеткізсе, көлік кептелісі мен жергілікті тұрғындарға қолайсыздық тудыратын шетелдік туризммен байланысты проблемаларды шешу маңызды болады, деп жазды агенттік.

Осыған дейін 6 млн ішкі турист және 224 млрд теңге кіріс Қазақстандағы туризмді нығайтқанын жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар