Қаңтар кезінде қирап қалған Promenade сауда орталығының тағдыры не болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен Promenade сауда орталығы қайта жаңғыртылады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Кездесу кезінде қала тұрғыны қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен Promenade сауда орталығына қатысты сұрақ қойды.

«Бұл сауда орталығының ары қарайғы тағдыры не болмақ? Қаңтар оқиғасы өткелі бір жарым жылдан асты. Алайда сауда орталығына кіреберіс тұста бүгінге дейін ленталар ілінген және «кіруге болмайды» деген жазу тұр», - деп сұрады қала тұрғыны.

Ерболат Досаев Promenade сауда орталығы келесі жылы жаңғыртудан өтетінін айтты.

«Сауда орталығының иелері маған алдын ала жобасын көрсетті. Олар бүгінде танымал фудхолл форматын негізге алып отыр және сауда орталығының дизайнын ретке келтіргелі жүр. Сондай-ақ бұл жерге Спорт сарайы мен Орталық стадион жақын орналасқан. Ұсынған жобалары жаман емес. Енді иелері қажетті құжаттаманы жинап, қала кеңесіне барады. Осыдан соң қала тұрғындары мен туристерді қызықтыратын жаңа нысан пайда болады деп ойлаймын. Мен бұл идеяны қолдадым. Келесі жылы жұмыс өз уақытында басталады деп үміттенемін», - деді Ерболат Досаев.


Соңғы жаңалықтар