Қаңтар оқиғасына қатысқан 27 атыраулықтың ісіне қатысты сот 19 қыркүйекте өтеді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысқан 27 атыраулықтың ісіне қатысты сот 19 қыркүйекте өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаңтар оқиғасына қатысқан 27 атыраулықтың ісіне қатысты сот 19 қыркүйекте өтеді

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, басты сот талқылауын 19 қыркүйекте сағат 10:00-де өткізу белгіленген.

«Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаңтар оқиғасына байланысты 27 тұлғаға қатысты іс бойынша басты сот талқылауы басталады. Сот талқылауында ҚР Қылмытық кодексінің 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 1,4,8-тармақтары, 380-1-бабының 2-бөлігі, 6-тармағы, 291-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы, 287-бабының 4-бөлігі, 28-бабының 5-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 4,8-тармақтары, 188-бабының 1-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 4-тармағы, 287-бабының 3-бөлігі, 191-бабының 3-бөлігі, 3-тармағы, 200-бабының 2-бөлігі 1-тармағы, 200-бабының 4-бөлігі, 384-бабының 3-бөлігі, 272-бабының 2,3-бөлігімен қозғалған қылмыстық іс қаралады. Қылмыстық істің қаралу барысы «Facebook» әлеуметтік желісіндегі Атырау соттары ресми парақшасында тікелей эфир арқылы көрсетіледі», -деп мәлім етті облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда бюджеттің 194,2 млн теңге қаржысын жымқырды деген күдіктілер ақталғанын хабарлаған едік.