Қаңтар оқиғасына қатысты 1260 қылмыстық іс тергелуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер органдары қаңтар оқиғасына қатысты 1 260 қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қазіргі уақытта ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде бұрын қабылданған шешімдерді ескермесек, 1 260 қылмыстық іс бар. Оның ішінде ауыр қылмыс жасау күдігіне ілігіп, күзетпен ұсталып отырған 158 адамға қатысты істің де бар екенін атап өткім келеді», - деді Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның айтуынша, аталған күдікті адамдардың кінәсі негізінен қылмыс жасалған орындардан алынған бейнежазбалармен, куәлар мен көзбен көргендердің айтуымен, сондай-ақ алынған заттай дәйектермен дәлелденеді.

«Жақын арада қылмыстық процестің үш буынды моделі аясында және прокурорлардың келісуімен осы қылмыстық істер бойынша тиісті процестік шешімдер қабылданатын болады», - деді департамент бастығы.


Соңғы жаңалықтар