Қаңтар оқиғасына қатысты фейктер бойынша 11 қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасына қатысты жалған ақпарат тарату фактілері бойынша 11 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
«Әлеуметтік желілерде фейктер, соның ішінде күдіктілерге тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдануы туралы ақпарат таратылуда. Әрбір факт жан-жақты тексерілуде. Қылмыстық кодексте жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске саламын. Қазіргі уақытта осындай хабарламалар бойынша 11 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді. Бір қылмыстық іс сотқа жолданды», - деді Е. Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, өз тарапынан прокуратура және құқық қорғау органдары қылмыстардың толық тергелуін, заң нормаларының сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық күш пен ресурстарды пайдалануда.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қаңтар оқиғасына қатысты сот санкцияларымен 627 күдікті адам қамауда отыр.

Сонымен қатар Талдықорғанда мемлекеттік нысандарды басып алу қатысушыларын қаржыландырғандар анықталды.


Соңғы жаңалықтар