Қаңтар оқиғасының белсенділері 154 автомат пен 419 тапаншаны жасырып қалмақ болған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаңтардағы қантөгістен кейін қылмыскерлердің қолында жүрген 1 386 қару-жарақ тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаңтар оқиғасының белсенділері 154 автомат пен 419 тапаншаны жасырып қалмақ болған

ІІМ Тергеу департаментінің басшысы, полиция полковнигі Санжар Әділовтің айтуынша, қаңтардағы төтенше оқиғаның белсенділері 154 автомат пен 419 тапаншаны жасырып қалмақ болған. Сондай-ақ 166 жарақаттайтын қару, 70 арнайы мылтық, 30 гранатомет және 22 мыңнан астам оқ-дәрі анықталып, есепке алынған.

«Ұрланған қаруды іздеу іс-шаралары әлі де жүргізіле береді. Жақында Алматы қаласындағы «Оружейник» дүкенінен қару ұрлаған тағы бір күдікті қолға түсті. Күдікті қолды қылған қаруды осы уақытқа дейін Түркісб ауданындағы қараусыз қалған бір ғимаратта сақтап келген. Ұсталған адамнан шолақ карабин және тегіс ұңғылы мылтық алынды. Ал қаңтар қырғынында бір ғана Алматы қаласында 7 қару-жарақ дүкені тоналған болатын», - деді полковник.

Айта кетейік, Бас прокуратура Қаңтар оқиғасы кезінде барлығы 3 мыңға жуық қару ұрланғанын ресми мәлімдеген болатын.