14:39, 12 Ақпан 2013 | GMT +5
Қаңтарда бірқатар салаларда өндіріс көлемі артты
АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қаңтарда 2012 жылдың осы айымен салыстырғанда көмір, шикі мұнай, табиғи газ және түсті металдар кендерінің өндірісі артты.

Бұл туралы Статистика агенттігінен мәлім етті.
Сондай-ақ сусындар, жеңіл өнеркәсібі, машина жасау және құрылыс материалдарының өндірісі жоғары болды. Өндіріс көлемінің артуы республиканың 11 өңірінде байқалды. Төмендеу Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.
2013 жылғы қаңтарда өнімнің жеке түрлерін өндіру
Өндірілгені |
Өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен |
|
мұнай, газ конденсатын қосқанда, млн.тонна |
7,0 |
101,5 |
табиғи газ, млрд.текше м |
3,6 |
101,7 |
ұн, млн.тонна |
0,3 |
94,4 |
бензин, млн.тонна |
0,2 |
63,2 |
портландцемент, млн.тонна |
0,2 |
106,0 |
ферроқорытпалар, млн.тонна |
0,1 |
97,2 |
жазық илек, млн.тонна |
0,1 |
45,0 |
тазартылған мыс, мың тонна |
29,1 |
97,0 |
электр энергиясы, млрд.кВт.сағ. |
9,0 |
100,0 |