Қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 189,4 млрд. теңгені құрады - Статистика

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 189,4 млрд. теңгені құрады.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында ведомство басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.

«2011 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 189,4 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңіне қарағанда 4,3 пайызға көп», - деді ол.

Сонымен қатар агенттік басшысының атап өтуінше, тұтыну бағаларының индексі ағымдағы жылғы қаңтарда 2010 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 101,7 пайызды құраған. Азық-түлік тауарларына бағалар 3, азық-түлік емес тауарларға - 0,5, ақылы қызмет көрсетулерге 1,2 пайызға артқан.

Соңғы жаңалықтар