Қаңтардағы жағдай бойынша Ұлттық қор активтері 3 трлн. 263 млрд. теңгені құрады ? Қаржы министрі

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2009 жылғы қаңтардың 1-індегі жағдай бойынша ҚР Ұлтттық қорының активтері 3 трлн. 263 млрд. теңгені құрайды.
None
None
Бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жыл басындағы жағдай бойынша Ұлттық қор активтері 529 млрд. теңгеге өсті. 2008 жылы Қорға 1 трлн. 604,5 млрд. теңге шамасындағы қаражат аударылды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 404 млрд. теңгеге артық. Оның ішінде мұнай секторынан келетін тікелей салық 1 трлн. 700 млрд. теңгені құрады», - деді Б. Жәмішев. Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызы 2009 жылғы қаңтардың 1-індегі жағдай бойынша 1 трлн. 330 млрд. теңгеге жеткен. 2008 жылмен салыстырғанда 412 млрд. теңгеге артық болып отыр. «Бұның ішінде Үкіметтік қарыз 1 трлн. 15 млрд. теңгені құрады. Оның 80 пайызы ішкі қарыздар болып табылады. Жалпы 2008 жылмен салыстырғанда Үкіметтің ішкі қарызы 308 млрд. теңгеге артқан. Ал Үкіметтің сыртқы қарызы 195 млрд. теңгені құрайды. Бұл жалпы Үкіметтік қарыздың 19 пайызы», - деді Қаржы министрі.
Соңғы жаңалықтар