Қантсыз кофе өлім-жітім қаупін төмендетеді

АСТАНА. KAZINFORM — Америкадағы Тафтс университетінің ғалымдары жүргізген жаңа зерттеу кофе ішу мен өлім-жітім қаупі арасындағы байланысты зерттеген, деп жазады АЗЕРТАДЖ.

Продажи чая и кофе сократилисьв Казахстане
Фото: pixabay.com

Агенттіктің хабарлауынша, The Journal of Nutrition журналында жарияланған зерттеу күніне 1-2 кесе кофе ішу әртүрлі себептер бойынша болатын өлім қаупін, сондай-ақ жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім-жітім қаупін азайтатынын көрсетті.

Кофе ішпейтіндермен салыстырғанда, қара кофе және аз мөлшерде қант пен қаныққан май қосылған кофе өлім-жітім қаупін 14 пайызға азайтқан. Дегенмен, қант пен қаныққан майы көп кофе ішкендерде осындай байланыс байқалған жоқ.

Зерттеудің бас авторларының бірі, профессор Фан Фан Чжан америкалық ересектердің жартысына жуығы күнделікті кем дегенде бір кесе кофе ішетінін айтады.

— Сондықтан оның денсаулыққа әсерін түсіну маңызды. Кофенің пайдасы құрамындағы биоактивті қосылыстармен байланысты болуы мүмкін, бірақ біздің зерттеу нәтижелеріміз қант пен май қосу бұл пайданың азаюына әкелетінін көрсетеді, — деді ол.

Зерттеу барысында 1999 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде 20 жастан асқан 46 000 адамды қамтыған ұлттық сауалнама деректері талдаудан өткізілді. Кофе тұтыну оның түріне (кофеинді немесе кофеинсіз), қант пен қаныққан май мөлшеріне қарай жіктелді.

Дегенмен, кофе тым тәтті немесе майлы болған жағдайда оның пайдалы қасиеттері жоғалады. Күніне үш кесе дейінгі кофе тұтыну жағымды әсер береді, ал одан артық ішкен кезде бұл әсер байқалмайды. Сонымен қатар, зерттеу кофе тұтынудың қатерлі ісікпен байланысты өлім қаупін төмендетпейтінін көрсетті. Ал кофеинсіз кофені тұтынатындар арасында оң әсер байқалмаған.

Бұған дейін биыл елімізде қаңтар айында 1,1 мың тонна қайта өңделген кофе мен шай өндірілгені белгілі болды. Бұл 2024 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 9,2%-ға аз.

Соңғы жаңалықтар