Канвон-2024: Классикалық шаңғыдан 7,5 шақырымдық жеке сайыстар аяқталды

КАНВОН. KAZINFORM – Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында классикалық шаңғы жарыстарынан 7,5 шақырымдық ерлер арасындағы сайыстар аяқталды.

Ерлер арасындағы шаңғы жарысы аяқталды
Фото: Сали Сабиров / ҰОК

Аталған сында ел намысын Берік Боранбаев пен Әубәкір Тотанов қорғаған болатын. Алайда екеуі де жүлделі орындардан тыс қалды. Боранбаев мәре сызығын 21:39.9 уақыт көрсеткішімен 35-інші болып кесіп өтсе, Тотанов мәре сызығына 7,5 шақырымды 21:59.7 уақыт көрсеткішімен 40-шы болып жетті.

Бұл жарыста 79 қатысушы сынға түсті. 

1-орын – Германия - Жакоб Елиас Моч — 19:47.2

2-орын – германия - Джонас Муеллер — 19:52.6

3-орын – Франция - Гуентин Леспин — 19:54.1

35-орын – Қазақстан - Берік Боранбаев — 21:39.9

40-орын – Қазақстан - Әубәкір Тотанов — 21:59.7

Енді шаңғы жарысынан 1 ақпан күні шешуші жүлде жиынтығы 4×5 шақырым қашықтықта аралас эстафета өтеді. 

Естеріңізге сала кетсек, Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 5 түрінен 10 дисциплина бойынша 41 спортшы қорғап жатыр. Биатлон, керлинг, конькимен сырғанау, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайлдан параллельді могул бойынша бақ сынауда.

Еске салайық, Канвонда қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы 19 қаңтар күні тұтанған болатын. Жарыс 1 ақпанда мәресіне жетеді. 

Бұған дейін классикалық шаңғыдан қыздар арасындағы дода аяқталғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар