Канвон-2024: Классикалық шаңғыдан қыздар арасындағы дода аяқталды

КАНВОН. KAZINFORM – Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында классикалық шаңғы жарыстарынан 7,5 шақырымдық қыздар бәсекесі мәресіне жетті.

жүлдеге іліге алмады
Фото: Сали Сабиров / ҰОК

Аталған сында Қазақстан намысын Виолетта Митропольская мен Милана Мамедова қорғаған болатын. Өкінішке қарай екеуі де жүлделі орындарға іліне алмады. Виолетта Митропольская 7,5 шақырымдық қашықтықты 24:06.8 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын 25-ші болып кесіп өтсе, Милана Мамедова 27:28.8 уақыт көрсеткішімен 52-орынға табан тіреді. 

Жарысқа 78 спортшы қатысты. 

1-орын – Нелли - Лотта Карппелин — 22:19.6

2-орын – Франция - Агазе Маргрейзер — 22:30.1

3-орын – Франция - Аннете Коупат — 22:32.3

25-орын – Қазақстан - Виолетта Митропольская — 24:06.8

52-орын – Милана Мамедова — 27:28.8.

Естеріңізге сала кетсек, Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 5 түрінен 10 дисциплина бойынша 41 спортшы қорғап жатыр.

Биатлон, керлинг, конькимен сырғанау, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайлдан параллельді могул бойынша бақ сынауда.

Канвонда қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы 19 қаңтар күні тұтанған болатын. Жарыс 1 ақпанда мәресіне жетеді. 

Соңғы жаңалықтар