10:13, 27 Қазан 2015 | GMT +5
Қапланбекте 69 өзбек азаматы ұсталды - ОҚО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулік ішінде өткізілген рейдтік іс-шаралар кезінде қазақстандық шекарашылар "Капланбек-авто" бақылау-өткізу бекетінің (қазақ-өзбек шекарасы) аумағынан еліміздің көші-қон заңдылықтарын бұзған Өзбекстан Республикасының 69 азаматын қолға түсірді.

Ұсталғандардың барлығы ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 517 бабының 2,4 баптарына сәйкес әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.