Қапшағай жағажайларында демалушылар бұршақ пен күшті дауылға тап болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат Қапшағай жағажайларында демалып жатқан адамдарға ауа райының қолайсыздығы әсер етті. Интернет қолданушылары дауылдың бейнежазбаларын әлеуметтік желілерде бөлісуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қапшағай жағажайларында демалушылар бұршақ пен күшті дауылға тап болды

Бұған дейін Қазақстанның 14 облысында дауыл туралы ескерту жарияланған болатын. Онда Алматы мен Алматы облысында күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтималдығы, оңтүстік-батыстан соққан жел, найзағай кезінде 15-20 м / с, екпіні 23-28 м /с жететіндігі айтылған еді.

Сондай-ақ 9 шілдеде алматылықтарға қатты жел туралы ескертілді. Бұған қарамастан, Қапшағай су қоймасының жағасында туристер көп болды. Әлеуметтік желі қолданушылары бөліскен кадрларда бұршақ пен дауылдың демалушыларды дүрліктіргені көрінеді.