Қапшағайда екі адамның өліміне қатысы бар деген күдікпен тұрғылықты мекен-жайы жоқ адам ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 2 қаңтарда Қапшағайда бұрынғы автопарктің аумағында жергілікті тұрғындар жартылай күйіп қалған екі ер адамның мәйітін тапты.
None
None

Сот-медициналық сараптама нәтижесіне сәйкес жапа шеккендер ұрып-соғу салдарынан қаза тапты. Полиция мерт болғандардың кім екенін анықтады. Бұлар 1961 және 1973 жылдары туған тұрғылықты мекен-жайы жоқ ер адамдар болып шықты.

Қапшағай полицейлері адам өлтірді деген күдікпен 28 жастағы ер адамды ұстады. Тұрғылықты мекен-жайы жоқ ұсталған адам кінәсін мойындады. Ерлер ішімдік ішіп жатқан кезде араларында дау туып, төбелеске айналды. Белгілі болғандай, күдікті жасаған қылмысының іздерін жою үшін бөтелкелестерін өртемек болған.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 99 бабы 2 бөліміне сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті ер адам Қапшағай қалалық ІІБ-ге қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар