09:05, 30 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Қапшағайда ер адам пойыздың астына түсіп ажал құшты
АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы облысы Қапшағай қаласында темір жолдың 1613 шақырымында ер адам абайсыздан «Алматы-Павлодар» бағдарындағы № 32 жолаушылар пойызының астына түсіп, мерт болды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Марқұмның жеке бас мәліметтері анықталып жатыр.