Қапшағайда мектеп жанынан табылған өлі нәресте үш күн бұрын туған болуы мүмкін - ІІД

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 9 тамызында Қапшағай қаласындағы №2 мектеп гимназиясының стадионында балалар жаңа туған сәбидің мүрдесін тапты. Балалар мұны ПИК қызметкерлеріне айтқан. Олар полицияға хабар берген.

Қапшағайда мектеп жанынан табылған өлі нәресте үш күн бұрын туған болуы мүмкін - ІІД

Облыстық ІІД-нің нақтылауынша, балалар стадионда ойнап жүріп жерде жатқан баланың аяғын байқап қалған. Бала шүберекке оралған, оның үстін хлор сеуіп, топырақпен көмген.

Оқиға орнына жеткен Қапшағай қалалық ІІБ полицейлері нәресте табылғанын растады, оқиға орнында криминалистер және қылмыстық іздеу қызметкерлері жұмыс жүргізді. Нәрестенің мүрдесі сараптамаға жіберілді.

- Кіндігі кесілген, жанында жолдасы болған жоқ. Аурухана жағдайында туған болу керек. Шамамен үш күн бұрын дүниеге келуі мүмкін, - деп хабарлады Алматы облыстық прокуратурасы.
Қазір сәбидің анасын іздеу шаралары жүргізілуде.