Қапшағайда ойын-сауық индустриясы құрылып, жаңа жұмыс орындары ашылуда

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Қапшағай су қоймасының оңтүстік-батыс жағалауында жаңа «Riviera» қонақүйі және ойын-сауық кешені ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, кешен 64 нөмірлі қонақүйден, түнгі бары бар ашық аспан астындағы жазғы мейрамханадан тұрады. Мұнда демалушыларға сондай-ақ бильярд жайы, екі сауна, ашық бассейн, аттракциондары бар балалар қалашығы, жағажай, автотұрақ, 20 орындық ойынхана қызмет көрсетеді. Осынау нысанның ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Серік Үмбетов өз сөзінде: «Қапшағайдың келешегі кемел. Бұл жайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы осы қалаға жасаған сапарында айтып еді. Мұнда бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар бар, жаңадан салынып, пайдалануға беріліп жатқан нысандар да баршылық. Егер 90-шы жылдардың ортасында Қапшағайдан көшкен халық көп болса, ұлттық санаққа сүйенсек қазір керісінше, келушілер көбеюде. Жаңа кешенде 360 жаңа жұмыс орны қарастырылған, орташа жалақы 75 мың теңге шамасында. Бұл қуанатын жайт, дағдарыстан аман-есен өте алатынымызға сенім мол», - деп атап көрсетті.Қапшағайда ойын бизнесін қамтыған осындай бес кешен бар, олардың үшеуі жұмысты бастап кетті.
Соңғы жаңалықтар