Қапшағайдағы өрт тұрғын үйдің төрт пәтерін шарпыды

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Қапшағайда көппәтерлі үйде ірі өрт болды. Тілсіз жау 4 пәтерді шарпыды.
None
None

14 адам, оның ішінде 3 бала қауіпсіз аймаққа көшірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Өрт 12 ақпанда сағат 08.15-те сөндірілді.

Жалынды ауыздықтауға Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 9 адамы мен 3 техникасы, ҚР Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің 10 адамы мен 3 техникасы, «Қапшағай су құбыры» мекемесінің 1 су таситын көлігі жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар