19:05, 03 Ақпан 2017 | GMT +5
Қапшағайлықтар Универсиаданың құрметіне жарыс ұйымдастырды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қапшағайлықтар Универсиаданың құрметіне жарыс ұйымдастырды. Шара барысында тұрғындар шаңғы тебуден сынға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спорт сайысын 2 км қашықтықта 8-11сынып оқушылары бастады. Жарыста ұлдар арасынан III-орынға 11 сынып оқушысы Қалматаев Жасұлан, II-орынға 11 сынып оқушысы Әділ Абылай, ал І-орынға 10 сынып оқушысы Құрманжан Нұрсұлтан ие болды.
Қыздар арасынан ІІІ-орын 9 сынып оқушысы Жекен Айжан, ІІ-орын 8 сынып оқушысы Айтбекова Аружан, ал жүлделі І-орынды 8 сынып оқушысы Шәймерденова Диляра жеңіп алды.
Жеңімпаздар жеңістерін «Универсиада-2017» дүниежүзілік додасында бақ сынасып жатқан спортшыларымызға арнап, жанкүйер екендіктерін жеткізді. Барлық қатысушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.