Қар аралас жаңбыр жауады: Қазақстандықтарды құбылмалы ауа райы күтіп тұр

АСТАНА.KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК ауа райы болжамын хабарлады.

метель, погода, ауа райы, боран
Фото: Kazinform

Тағы бір солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелер Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы жағдайын тудырады.

28 қаңтарда республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, одан кейін Қазақстанның қалған бөлігінде жауын-шашын әртүрлі фазаларда болжанады: қар, көктайғақ және жаңбыр түрінде.

Қазақстан Республикасында тұман түсіп, жел күшейеді, республиканың солтүстік жартысында бұрқасын болады, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Температураның кенеттен өзгеруі күтілмейді.

Бұған дейін де «Қазгидромет» РМК  ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар