Қар басқан Қостанай ауылдарынан медициналық көмекке зәру жандар шығарылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Солтүстік аймақтық аэромобильді жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қар басқан бірнеше елді мекендерден көмекке зәру тұрғындарды шығару бойынша құтқару операцияларын жүргізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қар басқан Қостанай ауылдарынан медициналық көмекке зәру жандар шығарылды

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диевка кентінен төрт науқас тұрғын ауруханаға жеткізілді. Жүкті әйел, мүгедек және диагнозы анықталмаған екі тұрғын және олардың туыстары жол талғамайтын «ТРЭКОЛ» көлігімен эвкуацияланды.

Науқастар магистральді автожолға дейін жеткізілді және жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталды.
null 

Одан кейін құтқарушылар Қарасу ауданына барып, қар басқан жолда тұрып қалған «КамАЗ» көлігінің екі жолаушысына көмек көрсетті. Оларды да жақын орналасқан Қойбағар кентіне, жергілікті билік өкілдеріне табыстады.

Арқалық маңындағы Екінді кентінде жүрек талмасы ұстаған 50 жастағы әйелге көмек қажет болды. Оны да Арқалық өңірлік ауруханасына «Нива МАРШ - БРОНТО» көлігімен эвакуациялады.