Қар еріді: Қостанай облысында не болып жатыр

АСТАНА.KAZINFORM - Қардың еруіне байланысты судың елді мекендерге қарай ағуы тіркелді. Құтқарушылар мен басқа да қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жергілікті ведомстволар мәліметінше, ешқандай қауіп жоқ, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Переливы, подтопления, снег тает в Костанайской области
Фото: видеодан алынған скрин

Мәселен, Денисов ауданында, Набережное ауылынан 4 км қашықтықта, қардың қатты еруіне байланысты Аршалы мен Набережное ауылдары арасындағы жергілікті жолдан су асып кетті. Елді мекендерге қауіп төнбейді, көлік қозғалысы үзілген жоқ. Набережноеға балама жол бар. Төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті билік органдары тәулік бойы кезекшілікте.

Қостанайдың Кунай шағын ауданындағы су тасқыны жергілікті билік бақылауында.

- Ешқандай қауіп тіркелген жоқ. Құтқарушылар жағдайды бақылау үшін дрон арқылы әуеден бақылау жүргізді, - деп мәлімдеді құтқарушылар.

Қостанай ауданындағы жағдайға да түсінік берілді. Мичурино ауылында «Мелиоратор» бағбандық бірлестігінен қардың еруі судың Астана және Восточный шағын аудандарына қарай ағып кетуіне себеп болған.

- Тұрғын үйлер мен аулаларды су басу қаупі жоқ. Құтқарушылар, жергілікті билік өкілдері және полиция оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Восточный шағын ауданынан еріген су сорылып жатыр, - деп атап өтті қызмет.

Бұған дейін Қостанай ауданында еріген су ағып кетуі үшін ауылдық жолдар ашылған болатын.

Соңғы жаңалықтар