09:01, 20 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Қар құрсауында қалған 59 қостанайлық құтқарылды
АСТАНА. KAZINFORM — Қостанай облысында тағы 59 адам құтқарылып эвакуацияланды, деп хабарлайды ТЖМ.

Оқыс оқиға Денисов ауданында Қарабұтақ-Қостанай автожолында болған. Техникалық жарамсыз автобустың салдарынан 59 адам қар құрсауында қалып қойған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялап, Денисовка ауылына жеткізді.
— Зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болмады. ТЖМ ауа райын бақылап, қолайсыз жағдайларда ұзақ сапарларға шықпауға ескертеді, — делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Маңғыстау облысында ТЖМ құтқарушылары 29 жүк көлігін қар құрсауынан алып шықты.