Қар құрсауында қалған жүздеген адам құтқарылды - ҚР ТЖМ
Атап айтқанда, Ақмола облысында 21 наурызда «Державинск-Арқалық» тас жолында 63 автөкөлік қар құрсауында қалды, оның 17-сі жүк көлігі (108 адам, оның ішінде 15 бала). Сондай-ақ «Балқаш-Шаңтөбе» автожолында 15 жолаушысы бар бағыттық автобус қалың қарға малтықты.
"Самара-Шымкент" автожолында Ақтөбе облысы Хромтау ауданында 500-ге жуық көлік кептелісі орын алды. 22 наурызда сағат 7.00-де 30 жүк көлігі қарға малтықты, жолды тазалау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
"Қостанай-Қарасу" жолында 16 жеңіл көлік және 96 адам мен (оның ішінде 18 бала) 2 автобус қардан шыға алмай қалды. Көліктер тазартылған жолға шығарылып, әрі қарай өз бағытымен аттанды. «Қостанай-Қарабұтақ» жолының 304 шақырымында 107 жолаушысы бар 47 автокөлік қар құрсауында қалды.
Солтүстік Қазақстан облысының «Западное-Рузаевка» жолында 16 жеңіл көлік және 1 жүк көлігі (39 адам) қардан шыға алмай қалды. Солтүстік Қазақстан облысы Воскресеновка ауылына жақын маңда «Новоишимское-Саумалкөл» автожолында 3 жеңіл көлік және «Газель» (9 адам), Андреевка ауылының маңында «Рузаевка-Саумалкөл» жолында 10 жеңіл көлік (25 адам), «Арықбалық-Саумалкөл» жолында жеңіл көлік (оның ішінде 4 адам, біреуі бала) қар астында қалды. Қар тазартылғаннан кейін көліктер бағыттары бойынша жүріп кетті.