Қар құрсауында қалып қойған «Көкшетау-Қызылту» жолаушылар пойызы алты сағатқа кешігіп келді

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданындағы Дәуіт пен Қызылту стансаларының арасында кеше сағат 10:36-да құрамында екі вагоны (32 жолаушы) бар «Көкшетау-Қызылту» бағытындағы №628 жолаушылар пойызы темір жол төсеміндегі күртік қарға байланысты Дәуіт стансасында мәжбүрлі аялдама жасады.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Сағат 17:00-де пойыз Талшық стансасына келді. Барлық жолаушылар осында түсіп қалды. Ал сағат 18:40-та Көкшетау стансасына аттанып кетті. Оның кешігуі 6 сағатқа созылды.

Теміржолды қардан тазарту жұмыстары жалғасуда. Оған «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның Ақмола жол бөлімінің 32 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар