Қар құрсауында қалып қойған көліктер құтқарылды

АНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Қар құрсауында қалып қойған көліктер құтқарылды. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Кеше, 8 ақпанда түнде Павлодар-Қызылорда автожолының 694-695 шақырымында (Жаңаарқа ауданы аумағы) жолаушылар тасымалдайтын 5 автобус, 18 КамАЗ жүк көлігі, сондай-ақ бірнеше жеңіл автокөліктер қар құрсауында қалып қойды. Шұғыл әрекет ету үшін төтенше жағдайлар, жол полициясы, сондай-ақ «Қазақавтожол» РМК-ның өкілдерінен құралған топ оқиға орнына барып, жол пайдалану бөлімінің арнайы техникалары жолды тазалап, қар құрсауындағы техникаларды шығарды. Сонымен қатар осы күні қатты боранның салдарынан «Жезқазған-Есіл-Петропавл» автожолының 132 шақырымында, яғни Ұлытау-Жезқазған бағытындағы автобус жолдан шығып кетті. Аталған автобусты жолға шығару жұмыстарына №84 жол пайдалану бөлімінің техникалары жұмылдырылып, кейіннен бұл жолаушылар көлігі Ұлытау ауданына жеткізілді. Осыған байланысты Жаңаарқа ауданының әкімдігі «Қазақавтожол» РМК Қарағанды облыс филиалының №84 жол пайдалану бөлімі қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар