«Кар-Тел» ЖШС ұялы телефон қызметінің тарифтерін азайтты - ҚР БАМ

мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, ЗG радиожиілікті спектр стандартын пайдаланғаны үшін жыл сайынғы төлемақыны анықтау мәселелерін қарастыруда. Сонымен қатар, ҚР Салық кодексіне де өзгерістер енгізілуіне байланысты ұсыныстар дайындалуда, деп хабарлайды ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың аяғында 3G қызметін енгізу үшін қажетті жиілікті диапазон босатылған еді, дегенмен, қолданыстағы заңнамада аталмыш радиожиілік стандартын пайдаланудың жеке ставка көлемі қарастырылмаан екен.
«Осыған орай ұялы байланыс операторлары қолданыстағы жылдық төлем ставкаларын өте жоғары деп танып, бас тартқан еді, - деп түсіндіреді БАМ Байланыс және ақпараттандыру комитетінің төрағасы Ризат Нұршабеков. - Біз оларға көмек қолын созып, 3G стандарты радиожиілік спектрін пайдалануға жыл сайынғы төлем мөлшерін анықтау мәселелерін шешу үшін жұмыстар атқарудамыз. Сонымен қатар, ұялы байланыс операторларынан да жауап қадамды күтіп отырмыз».
Бірінші қадамды «Кар-Тел» ЖШС жасады, ол, тұтынушылар үшін ұялы байланыс қызметінің (ішкі және басқа желілерге қоңырауларына және ішкі және басқа желілерге жіберілген қысқа хабарламаларға) тарифтерді төмендету жөніндегі ұсыныстың бастамашысы болды. «Біз, 3G стандартындағы радиожиілік саланы пайдаланғаны үшін жылдық төлемақыны төмендету жөніндегі Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің талпыныстарын қолдаймыз және ұялы байланыс саласындағы және Интернетке мобильді қол жеткізудің қол жетімділігі жоғары, жаңа ұсыныстармен жұмыс жасауға дайынбыз», деп атап көрсетті «КаР-Тел» ЖШС өңірлік және салалық даму дирекциясының директоры Евгений Пепеляев
Сонымен бірге, көрсетілетін қызметтер тарифтерінің жоғары болуы жөніндегі азаматтардың шағымдарына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» заңнамасына сәйкес Комитет «Kcell», «Activ», «Vegaline» сауда белгілері бар "GSM-Қазақстан "Қазақтелеком" ААҚ" ЖШС және«Beeline» сауда белгісі бар «КарТел» ЖШС көрсетілетін ұялы байланыс қызметтерінің бағаларына сараптама жүргізе бастады.
Байланыс және ақпарат комитетінің төрағасы Ризат Нұршабековтің айтуынша, «сараптаманы өткізу, ұялы байланыс қызметтеріне қойылатын тарифтердің негізін анықтауға мүмкіндік береді. Қуантарлық жайт, кейбір ұялы байланыс операторлары тарифтерді төмендетудің әлеуметтік маңыздылығын сезінеді және өздері келісім-шарттардың бастамашысы болуда». Сонымен бірге, «нарықтың басқа да мүшелерінен осындай, жауапты шараларды күтеміз» - деп атап өтті төраға.