Қар, тұман және көктайғақ - ТЖД алматылықтарға ескерту жасады
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті № 7 Қазгидромет дауылды ескертуінің негізінде Алматыда жексенбі күні, яғни 8 желтоқсанда қар жауып, туман және көктайақ күтілетіні туралы хабарлады.

ТЖД мамандары дауыл туралы ескерту негізінде автокөлік иелеріне ағаштардың, электр желілерінің және басқа да бекітілмеген құрылымдардың астына автокөліктерді қоймауға кеңес берді.
Сондай-ақ құтқарушылар ауа-райына байланысты алматылық жаяу жүргіншілерді келесі ережелерді есте сақтауға шақырды:
- Көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда өту керек;
- Жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б.) алаңдамаңыз.;
- Әрқашан алдыңыздың аяқтың астына қараңыз;
- Аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуы тиіс;
- Қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз. Бұл сізге тайғақ жерде тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді;
– Тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті өз үйінің кіреберісі - адамдар жиі жарақат алып құлайтын орындар.
- Есіңізде болсын , қар мен көктайғақ кезінде жүргізушінің көлікті жүргізу кезінде зейіні төмендеп, жолға мұқият қарай алмай, нәтижесінде жаяу жүргіншілердің қағып кетуі мүмкін, - делінген ТЖД ескертуінде.
Еске салайық, бұған дейін Құтқарушылар аяғын газ баллонының тұтқасынан шығара алмаған балаға көмекке келгенін жазғанбыз.