Құтқарушылар аяғын газ баллонының тұтқасынан шығара алмаған балаға көмекке келді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – ШҚО құтқарушылары ерекше құтқару операциясын өткізді.

 Құтқарушылар аяғын газ баллонының тұтқасынан шығара алмаған балаға көмекке келді
Фото: ТЖМ

Риддер қ. Свердлов көшесі бойындағы үйлердің бірінде ТЖМ құтқарушылары сегіз жасар балаға көмекке келді. Ол үйде балалармен ойнап жүріп аяғын редуктор мен газ баллонының тұтқасының арасына кіргізіп, шығара алмаған.

Алаңдаған ата-аналар 112 қызметіне жүгінді.

ТЖМ қызметкерлері «Holmator» авариялық-құтқару құралының көмегімен баллонның тұтқасын кесіп, баланың аяғын босатты.

– Авариялық-құтқару жұмыстары барысында бала зардап шеккен жоқ, - делінген ТЖМ хабарламасында.

ШҚО-да алимент төлемеген адам алғаш рет түрмеге қамалғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар