13:51, 04 Шілде 2009 | GMT +5
Қара металлургияда үшінші буынды технологияларды пайдаланатын Еуразиялық кеңістіктегі бірінші зауыт Қазақстанда салынады
АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қара металлургияда үшінші буынды технологияларды пайдаланатын Еуразиялық кеңістіктегі бірінші зауыт Қазақстанда салынатын болады. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болғаннан кейінгі брифингте «Iron Nugget Eхchange» компаниясының президенті және атқарушы директоры Такуйя Негами (Жапония) мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қара металлургияда үшінші буынды технологияларды пайдаланатын зауыт Қазақстанда салынатын болады. Әлемде бұл осы тектес екінші зауыт болады. Қазіргі кезде бірінші зауыт АҚШ-та құрастырылу сатысында тұр»,-деді ол.
«Қара металлургияда үшінші буындағы технологиялар қауымдастығының құрметті президенті болу туралы жасаған шақыруымызды Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қабыл алғаны біз үшін үлкен мәртебе»,-деді компания басшысы.
Осы орайда ол бұл қауымдастық пен жаңа технологиялар Қазақстанның дамуына маңызды үлес қосатынына сенімді екенін жеткізді.