«Қара риэлторлар»: Алматыда қылмыстық топ мүшелері сотталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда жалғызбасты және психикалық ауытқуы бар адамдардың пәтерін заңсыз сатқан қылмыстық топ мүшелеріне сот үкімі шықты.

риелторы
Фото: Freepik

Сот отырысы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Ерлан Болатовтың төрағалығымен өтті.

Аталған іс бойынша 22 адам айыпталушы деп танылды. Ұйымдасқан қылмыстық топ 2017-2023 жылдар аралығында жұмыс істеген. Оның құрамында психиатр-дәрігерлер, нотариус, риелторлар және бұрын құқық қорғау саласында жұмыс істеген қызметкерлер болған. 

Оларға адамдарды ұрлау, кісі өлтіру және психикалық ауытқуы бар қарттарға зорлық-зомбылық көрсетіп, баспанасынан айыру бойынша айып тағылды. Істе барлығы 37 эпизод бар.

Қалалық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот үкімі бойынша күдіктілер 3 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 2018 жылы Алматыда қауқарсыздардың пәтерін тартып алған риэлторлар сотталған болатын

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында 4 алаяқ өздерін риэлтор ретінде таныстырып, халықты 60 млн теңге шығынға батырғаны туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар