Қарағанды облысы Шахтерлер күнін атап өтуде

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қарағанды облысында өңірдің басты кәсіби мерекесі – Шахтерлер күні атап өтілуде. Кеншілер мемлекеттік наградалармен және сыйлықтармен марапатталды, жергілікті және шақырылған әртістердің қатысуымен концерттер ұйымдастырылды.

Шахтерлер күні
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағандыда кәсіби мереке қарсаңында көмір өнеркәсібінің 18 өкіліне мемлекеттік наградалар табыс етілді. Төрт қызметкер "Құрмет" орденінің иегері атанды. Тағы төртеуі III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен марапатталып, он адам "Ерен еңбегі үшін" медалін алды. Мемлекет басшысының атынан марапатты Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев табыс етті.

Ведомстволық наградаларды тапсыру үшін Қарағандыға ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков келді. Аймақ кеншілері І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Шахтер даңқы", "Еңбек даңқы" төсбелгілерімен және "Еңбек ардагері" медальдарымен марапатталды.

акимат Карагандинской области
Фото: logo Қарағанды облысының әкімдігі

Qarmet басшылығы кеншілерді бағалы сыйлықтармен марапаттады. 11 қызметкерге жеңіл автокөлік табысталды.

24 тамызда Қарағандыдағы Тәуелсіздік алаңы мерекелік шаралардың орталығына айналды.

Мұнда бірнеше мың адам жиналды. Өз өнерлерімен Luina, Ninety One, "Банд'Эрос" тобы және басқа да көптеген әртістер көрермендерді қуантты.

акимат Карагандинской области
Фото: logo Қарағанды облысының әкімдігі

Мерекелік шара түрлі-түсті отшашумен аяқталды.

Қазақстандық Shiza, RaiМ және JUZBIR жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерттер 25 тамызда Абай, Саран және Шахтинск қалаларында өтті. Қарағанды облысының әкімі бұл қалаларда болып, кеншілерді Шахтерлер күнімен құттықтап, оладың қажырлы еңбегі мен күнделікті ерлігі үшін алғысын білдірді.

акимат Карагандинской области
Фото: logo Қарағанды облысының әкімдігі

– Құрметті жерлестер, Шахтердің еңбегі – бұл кәсіп, жауапкершілік және рухтың күші. Сіздер біздің үйлерімізді энергиямен және жылумен қамтамасыз етесіздер, елдің экономикалық тірегін қолдайсыздар. Біз өз шеберліктерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін еңбек әулеттерімізді мақтан тұтамыз. Сіздердің күштеріңіз, сіздердің рухтарыңыз біздің аймақты ерекше етеді. Мерекемен шын жүректен құттықтаймын және шаңырақтарыңыз биік, жұмыстарыңыз жемісті болсын деп тілеймін! – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

акимат Карагандинской области
Фото: logo Қарағанды облысының әкімдігі

Шахтерлер күні дәстүрлі түрде жаздың соңғы жексенбісінде, биыл 25 тамызда атап өтіледі.

 

Соңғы жаңалықтар