Қарағанды облысында 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Жазатайым оқиға Қарағанды қаласының Сұрыптау ауданындағы Таймырская көшесінің артындағы карьерде орын алды. 

Қарағанды облысында 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті
Фото: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен

— 2009 жылы туған жасөспірім карьер суына батып кетті. Қайғылы оқиға суға түсуге тыйым салынған жерде орын алды, — деп хабарлайды Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Қарағанды облысында 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті
Фото: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен

Белгілі болғандай, марқұм екі досымен бірге су айдынына шомылуға келген. Бірақ ол жүзе алмаған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Құтқарушылар азаматтарды суда қауіпсіздік ережелерін сақтауға, бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылмауға шақырады. Сондай-ақ, түнгі уақытта және жүзу дағдыларынсыз шомылудан бас тарту керектігін еске салады.

Бұған дейін Қазақстанда шомылу маусымы басталғаннан бері 5 адам суға кеткені жайлы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар