Қарағанды облысында 76 инвестордың проблемалық мәселесі шешілді
ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Қарағанды облысының прокуратурасы инвесторлардың құқықтарын қорғау бағытында 76 кәсіпкердің проблемалық мәселесін шешті.
Прокуратураның фронт-офисі мен қадағалау қызметінің жұмысы аясында 76 инвестордың мәселесі шешілген. Атап айтқанда, проблемалар рұқсат құжаттарын алу, жер учаскелерін бөлу және инженерлік желілерге қосылу мәселелеріне қатысты болған.
- Сонымен қатар бизнеске негізсіз әкімшілік қысымның алдын алуға бағытталған «прокурорлық сүзгі» тетігінің тиімділігі атап өтілді. Оны енгізген сәттен бастап мемлекеттік органдардың 1235 шешімі қаралып, оның 120-дан астамы келісілмегені анықталған. Нәтижесінде инвесторлар 370 млн теңге көлеміндегі негізсіз айыппұл төлеуден босатылды, - делінген ақпаратта.
Облыс прокуроры Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің міндеттерін айқындап, инвестициялық прокурордың инвестор мен мемлекет арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі рөлін атап өтті.
Инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстары прокуратура органдарының тұрақты бақылауында екені айтылды.
Айта кетейік, Қарағанды облысындағы кәсіпорынға 2,6 млн теңге айыппұл салынды.