Қарағанды облысында Балқаш көліне балық аулауға шыққан адам қайтып орала алмай қалған

АСТАНА. KAZINFORM – Қарағанды облысында балық аулауға шығып, жоғалып кеткен балықшы табылды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі.

Қарағанд облысы
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

«Бүгін, Балқаш қаласының 112 пультіне Балқаш көлінің «Ақ тас» ауданындағы жағалаудан 12 шақырым қашықтықта қайықтың ақаулығынан бір балықшы өз бетінше жағаға жете алмайтыны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел құтқару жасағының құтқарушылары көрсетілген бағыт бойынша дереу оқиға орнына шықты. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында балықшы құтқарылып, жағаға жеткізілді. Оған медициналық көмек қажет болмады»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Семейде үш қабатты моншадан өрт шыққаны туралы хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар