Қарағанды облысында биыл бес кесене қайта жаңғыртылады

АСТАНА. KAZINFORM —  Мақсат — ата-баба мұрасын сақтау ғана емес, оны жергілікті тұрғындар мен қонақтардың еркін тамашалауына мүмкіндік жасау. Қазіргі таңда мамандар Ақтоғай, Шет және Нұра аудандарындағы мәдени ескерткіштерді қайта жөндеп жатыр. Ал Саран маңындағы Игілік би мазарының жұмыстары толық аяқталды.

Қарағанды облысында биыл бес кесене қайта жаңғыртылады
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Мұнда кесене қабырғалары бекітіліп, айналасы ретке келтірілген.

Қарағанды облысында биыл бес кесене қайта жаңғыртылады
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

— Бұл кесене — тарихпен етене танысуға үлкен мүмкіндік. Көптеген мазарлар қаладан шалғай орналасқандықтан, оларға жету қиынға соғады. Ал Игілік би кесенесі Қарағандыға жақын болғандықтан, келушілерге қолайлы, — деп атап өтті Қарағанды облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының бас инспекторы Жанболат Мәжитов.

Қазір төрт нысанда жұмыс жүріп жатыр. Шет ауданында Олжадәулен мен Баубек батыр мазарлары абаттандырылып жатыр.

Қарағанды облысында биыл бес кесене қайта жаңғыртылады
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Ақтоғай ауданында — Асылбек қорымы, Нұра ауданында — Шонжар мазары қайта жөнделуде. Консервациялық және реставрациялық жұмыстарды қазан айында аяқтау жоспарланған.

Қарағанды облысында биыл бес кесене қайта жаңғыртылады
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

— Біз қажет жерлерде қабырғаларды қалпына келтіріп, мал кіріп кетпеуі үшін қоршаулар орнатамыз. Бұл, бір жағынан, тарихи әрі археологиялық ескерткіштерді сақтауға сеп болса, екінші жағынан, оларды туристер үшін тартымды етеді, — дейді Жанболат Мәжитов.

Облыстағы археологиялық ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары мұнымен шектелмейді. Өңір үшін аса маңызды бірқатар қорымдар мен кесенелерді абаттандыру жоспарланған.

Айта кетелік Қарағанды облысындағы Байқасқа-2 қорғанынан ерекше археологиялық олжалар табылған еді

Соңғы жаңалықтар