Қарағанды облысында қар құрсауында қалған киік құтқарылды
ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Қарағанды облысында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары киікті құтқарды.
Абай ауданында Топар кентінен 4 км қашықтықта «Тихий залив» демалыс аймағында ТЖМ құтқарушылары қорғалатын аумаққа кіріп, қалың қарға батып, өздігінен қозғала алмай қалған киікке көмек көрсетті.
Оны байқаған демалыс аймағының келушілері 112 қызметіне қоңырау шалды.
Жануар қорқып қалған, бірақ құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында қар құрсауынан шығарылып, қауіпсіз жерге жеткізілді.
Қызылорда облысында киік жануарын заңсыз тасымалдаған төрт адам ұсталғанын жазған болатынбыз.