Қызылорда облысында киік жануарын заңсыз тасымалдаған төрт адам ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында киік жануарын заңсыз тасымалдаған төрт адам ұсталды.

киік
Фотоны Ғайса Әбсатиров ұсынған

Оқиға Қызылорда облысы Арал ауданында болды. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Тойота» автокөлігін тоқтатқан сәтте киік жануарын заңсыз тасымалдаған төрт адам қолға түсті.

- Көлікті тексеру барысында автокөліктің артқы орындығынан тіркелмеген қару табылды. Оған қоса прожектор, 2 дана «PUXING» үлгідегі рациялары, арқан жіп айғақ заттар ретінде алынды. Сондай-ақ автокөлік тіркемесінен 19 киік жануарының өлі денесі тәркіленді. Аталған факті бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Онда жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу жағдайы көрсетілген. Күдіктілерге қатысты сот «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын санкцияланды, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Еске салсақ, Қызылордада мектепте сыныптасын ұрған баланың анасы айыппұл төлейтін болды.

 

Соңғы жаңалықтар