Қарағанды облысында қызылша жұқтырғандар көбейді

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова  елімізде қызылшаның таралуы жағдайына қатысты түсінік берді.

Қарағанды облысында қызылша жұқтырғандар көбейді
Фото: pexels.com

«Қызылша ауруы бойынша жағдай тұрақталып келеді. Биылғы ақпан айында былтырғы желтоқсан айымен салыстырғанда аурудың таралуы 16 пайызға төмендегенін көріп отырмыз. Тек Қарағанды облысында ғана қызылшаны жұқтыруда өсім бар», - деді А.Есмағамбетова Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, басқа аймақтарда аурудың таралуы көрсеткіші төмендеп келеді немесе бір деңгейде қалып отыр.

Атап айтқанда, былтырдан бері елімізде қызылша ауруының өршігені байқалып отыр. Үкіметтің бағалауынша, науқастар саны кейінгі 10 жылда болмаған деңгейге жетті. 

Ақпан айының басында елордада ересектер арасында қызылша өршіп тұрғаны айтылды.

Соңғы жаңалықтар