Қарағанды облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Қарағанды облысында жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектелді.

дождь, ливень, лужа, погода, ауа райы, жанбыр, автомобиль, көлік
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

– 2025 жылғы 16 шілдеден 16 тамызға дейін республикалық маңызы бар А-17 «Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 967-993 және 999-1003 шақырым аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылады. Жүргізушілер үшін балама жол ұсынылады. Алдын ала сапарларыңызды жоспарлап, аталған ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз, - делінген ҚазАвтоЖол хабарламасында.

Айта кетейік, Қазақстанның ірі қалаларына автокөліктердің кіруін шектеу әзірге жоспарланып отырған жоқ. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкіметтегі баспасөз мәслихатында айтты.

 

Соңғы жаңалықтар